Футбол

Неманья Максимович: «Астананың» жылдық бюджеті - 30 млн. еуро»

Неманья Максимович: «Астананың» жылдық бюджеті - 30 млн. еуро»
news-banner7
mobile-news-top

«Астананың» сербиялық жартылай қорғаушысы Неманья Максимович елордалық клубтың банкротқа ұшырамағанын айтты.

- БАҚ өкілдері «Астана» ФК туралы қате жазды. Банкротқа ұшыраған команда Екінші лигада өнер көрсетеді. Бізде бәрі жақсы, «Қайратқа» қарсы ойынға дайындалудамыз. Қатарынан үш жыл Қазақстан чемпионатын жеңдік, былтыр Чемпиондар лигасында, ал биыл Еуропа лигасында ойнап жүрміз. Қаржылық қиыншылықтарымыз болса, мұндай нәтижеге жетер ме едік? «Астана» - мемлекеттік жоба. Қала әкімшілігі қаржыны футбол, баскетбол және басқа да спорт түрлеріне бөледі. Біздің жылдық бюджетіміз - 30 миллион еуро, - деді Максимович сербиялық Novosti порталына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер