Футбол

«Астана» топтық кезеңнің соңғы ойыны алдында Швейцарияда жиын өткізеді

news-banner7
mobile-news-top
«Астана» футболшылары Еуропа Лигасының топтық кезеңінің соңғы ойынының алдында Швейцарияда 1-6 желтоқсан аралығында қысқа мерзімді жиын өткізбек, деп жазады клубтың ресми сайты.
4-ші желтоқсан күні отандастарымыз Швейцарияның Бірінші лишасында ойнайтын «Баден» клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Қазіргі күні «Баден» 14 турдан кейін екінші орында келе жатыр.
Естеріңізге сала кетейін, «Янг Бойз» - «Астана» матчы 8-ші желтоқсан күні Швейцарияда өтеді. Оған дейін 24-ші қараша күні Станимир Стоилов шәкірттері Астанада кипрлік АПОЭЛ клубын қабылдамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер