«Астанаға» B тобынан шығу үшін не істеу керек
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУЕФА-ның ресми сайты 5-ші тур алдында командаларға топтан шығу үшін не істеу керектігін айтты.
Мысалы, «Астанаға» өз тобынан шығу үшін өз алаңында кипрлік АПОЭЛ-ді жеңуі тиіс. Сондай-ақ, грекиялық «Олимпиакос» өз алаңында швейцариялық «Янг Бойзға» жол беруі тиіс. Сол кезде ғана «Астанада» топтан шығуға мүмкіндік сақталады.
Дәл қазір біздің топта ұпайлар саны мынадай: АПОЭЛ - 9 ұпай, «Олимпиакос» - 7, «Янг Бойз» - 4, «Астана» - 2