Сэм "Алтайға" ауыса ма?
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстан құрамасының экс-капитаны Самат Смақов "Алтай" футбол клубының баспасөз қызметіне эксклюзивті интервью беріп ШҚО-ның қазіргі таңдағы үздік командасы жайында пікірін білдірді.
- Сіз "Алтай" клубымен көліссөз жүргізіп жатсыз деген қауесет тарады ғаламторда. Осы қаншалықты рас?
- Мұндай әңгіме қайдан шыққанын білмедім, бірақ әзірше ештеңе айта алмаймын. Себебі команда басшылығы келесі маусымға қандай жоспар құрып отырғаны маған беймәлім.
- Өзіңіз Семей өңірінде туып өстіңіз. "Алтай" да сізге жат емес. Бұл команданың өнеріне бақылау жүргізген боларсыз биыл?
- Қысқа, үзінді бейнесюжеттер мен мақалалар оқып, турнирлік кестедегі ілгерілеуін байқадым. Димов пен Колодин ортада тамаша жұп құрып екпін берді. Оларға бауырым Андрей Карпович көмектескен және алғы шептегі Шакин-Шафф дуэті жақсы ойнаған.
- "Алтай" келесі маусымда Премьер-Лигада қала ма? Қалай ойлайсыз?
- Мүмкіндік жоғары. Қазірдің өзінде құрамдағы ойыншылар өте әлеуетті. Алғашқы алтылыққа енуі де мүмкін. Шығыс-Қазақстанның командалары көптен бері көрінбеді жоғарғы чемпионатта. Міне, тамаша мүмкіндік.
P.S: Өр рухты Самат Премьер-лигаға Шығыс өлкеден шыққан клуб туралы жылы сөз айтып болашағына үмітпен қарайтынын аңғартты. Енді өзі де сол команданың тізгінін ұстап, құрамын толықтырады деген сенімдемін. Солай болғай...