русский язык

Қартықов пен Рыпакова медаль алады, Ниязымбетов жеңіледі. Букмекерлер не дейді?

Қартықов пен Рыпакова медаль алады, Ниязымбетов жеңіледі. Букмекерлер не дейді?

Рио Олимпиадасының тоғызыншы сайыс күнінде еліміздің қоржынына бірнеше медаль түсуі мүмкін. Мұндай пікірді букмекерлік кеңселер болжап отыр.

Грек-рим

Бүгін грек-рим күресі басталатыны белгілі. 75 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түсетін Досжан Қартықов жүлделі орындарға ілігуі мүмкін. Бұл сайыста ресейлік Роман Власов фоварит саналады. Оның алтын медаль алуына 2.1 коэффициент берілген. Ал қазақстандық Қартықов екінші орында тұр - 3.7 кф. Ким Хен У қола жүлде алуы ықтимал - 5.7 кф.

Ал 59 келіге дейін салмақ дәрежесінде бақ сынайтын Алмат Кебіспаев та қола медальға таласып қалуы ықтимал. «Профит» кеңсесінің болжамынша, Кебіспаев жеңімпаздар тізімінде төртінші тұр.

Жеңімпаз:

Исмаэль Борреро Молина (Куба) 2.30 коф

Ровшан Байрамов (Әзірбайжан) 4.00

Хамид Сориан (Иран) 6.00

Алмат Кебиспаев (Қазақстан) 7.00

Юн Вон Чхоль (Солтүстік Корея) 9.00

Санал Семенов (Ресей) 9.00

Жеңіл атлетика

Лондон Олимпиадасының чемпионы жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден медальға таласуы мүмкін. Бұл жарыста «Олимп» кеңсесі жеңімпаздарға мынадай коэффициент беріп тұр:

Жеңімпаз:

Картин Ибаргуэн (Колумбия) - 1.25 кф

Юлимар Рохас (Венесуэла) - 7.25

Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 10.5

Параскеви Папахристу (Грекия) - 11.25

Кимберли Уильямс (Ямайка) - 31

1-3-ші орын:

Картин Ибаргуэн (Колумбия) - 1.05 кф

Юлимар Рохас (Венесуэла) - 1.45

Параскеви Папахристу (Грекия) - 1.75

Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 1.75

Кимберли Уильямс (Ямайка) - 4.5

Бокс

81 келіге дейін салмақ дәрежесінде еліміздің намысын Әділбек Ниязымбетов қорғайды. Ширек финалда отандасымыз әзірбайжандық Теймур Мамедовпен жұдырықтасады. «Олимп» БК болжамынша, бұл жекпе-жек әзірбайжандық боксшының жеңісімен аяқталады - Мамедовке 1.67, ал Ниязымбетовке 2.2 коэффициент берілді.

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;