русский язык

Фархад Харки: Ұлтым маңызды емес, бастысы - қазаққа жүлде сыйладым

Фархад Харки: Ұлтым маңызды емес, бастысы - қазаққа жүлде сыйладым

Фархад Харки Риода ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай деп мәлім етті.

«Ұлт бойынша кім екенім маңызды емес. Ең маңыздысы, қазақ еліне жүлде сыйладым. Қазақстанға өзге елден келгенімді жасырмаймын. Бірақ, көптеген адамдардың тегімді сұрап, ұсаққа баратынын түсінбеймін. Бұл жерде маңыздысы менің шыққан тегім емес, жетістігім емес пе? Ендеше, ұсаққа бармайық. Мен Риода қазақтың Әнұранын шырқата алмасам да, қазақтың туын үшінші сатыдан көрсете алдым», - деді Харки.

Ол сондай-ақ, қазақ елінің азаматы екенін мақтанышпен айтып өтті.

«Мен қазір басқа бір елдің азаматы емеспін. Қазақ елінің азаматтығын қабылдадым. Мен сол азаматтықты қабылдаған күннен бастап қазақстандық атандым. Мен осы шешімді қабылдағаныма өкінбедім. Тек қуанамын. Сол үшін бақыттымын. Әлі де қазақ елінің намысын қорғауға дайынмын», - деп атап өтті Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың үшінші күні ауыр атлет Фархад Харки Қазақстан қоржынына қола медаль салған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;