русский язык

Джозеф Скулинг Сингапур тарихындағы алғашқы Олимпиада алтынын жеңіп алды

Джозеф Скулинг Сингапур тарихындағы алғашқы Олимпиада алтынын жеңіп алды
Сингапурлік жүзуші Джозеф Скулинг баттерфляймен 100 метрді 50,39 секундта жүзіп келіп, Олимпиада ойындарының рекордын жаңартты.
 
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл Сингапур тарихындағы алғашқы Олимпиада медалі. 
 
Бұл финалдың бірегейлігі сол, Скулингтен кейін 51,14 секунда бірден үш спортшы мәреге жетті. Сол себепті, үш спортшыға да - америкалық Майкл Фелпс, оңтүстікафрикандық Чад ле Кло және венгр Ласло Чехке күміс жүлде берілді.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;