русский язык

Денис Ұланов Олимпиада жүлдесінен шет қалды

Денис Ұланов Олимпиада жүлдесінен шет қалды

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан ерлер арасында 85 келіге дейін салмақ дәрежесінде сайыс аяқталды.

Бұл салмақта еліміздің намысын Денис Ұланов қорғаған. Жұлқа көтеруде қазақстандық ауыр атлет алғашқы мүмкіндігінде 170 келіні еңсерсе, артынша 175 келі  зілтемірді бағындыра алды. Ал серпе көтеру жаттығуында үш мүмкіндігінің соңғысын ғана пайдалана алды - 215 келі. Осылайша, Денис Ұланов қос жаттығу бойынша 390 келіні көрсетіп, жүлдеден шет қалды. Дәл осындай салмақты көрсеткен румыниялық Габриэль Синкраян біздің спортшыдан сәл жеңілдеу болып, қола медальға қол жеткізді. 

Ал бұл салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы атағын ирандық Киануш Ростами алды. Ал күміс медаль қытайлық Тянь Таоның еншісінде. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;