русский язык

Дмитрий Баландин: «Бүгін біз Олимпиада ойындарының тарихына ендік»

 Дмитрий Баландин: «Бүгін біз Олимпиада ойындарының тарихына ендік»
Кеше Қазақстан  құрамасының баспасөз орталығында, ауыр атлетика мен жүзден Олимпиада чемпиондарының құрметіне арнайы жасалған баспасөз мәслихаты өтті. Чемпионадарға Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлттық Олимпиада Комитетінің басышысы Тимур Кулибаевтың құттықтау жедел хаты берілді.

Брасс әдісмен 200 метрге жүзуде қазақстандық Дмитрий Баландин сенсациялық жеңіске жетті. 2:07:46 минутта мәреге келген қазақстандық, Олимпиада чемпионы атанды. 

200 метрге Дмитрий соңғы болып іліккен болатын. Сондықтан соңғы, сегізінші жолда жарысқа шықты. Бірақ, бұл жағдай оған кері әсерін тигізбей, керісінше көмектескенін айтты.

 

«Мен қарсыластарымның қайда жүзіп келе жатқанын көрмеді. Бұл жағдай менің жеке нәтижеме назарымды аударуыма көмектесті. Мен әлі күнге өзімнің Олимпиада чемпионы атанғанымды сезіне алар емеспін. Маған әлі толықтай сезіну үшін он күндей керек шығар. Қазір мен шаршау, қуаныш және өз еліммн мақтанатынымды ғана сезініп тұрмын. Бұл медаль - менің қазақстандықтарға сыйлай алатын ең үлкен сыйлығым. Қиын болды ма?,- деген сұраққа келер болсақ, оңай болмағаны рас және тек бүгін ғана емес. Әр күні таңғы сағат алтыда, бәрі ұйықтап жатқанда біз суық суға секіреміз (күлді). Бірақ барлық жаттығулар мен қиындықтардың арқасында саған бүкіл әлем қол соғады!», - деп Олимпиада чемпионы өзінің алған әсерімен бөлісті.

«Дмиртрийдің алтын медальі  – Дима мен жүзуден бапкерлер құрамының тартқан ең үлкен сыйы. Бұл тарихи оқиға. Осы жетістікке жету үшін неше жыл тер төгіліп, ерен еңбек жасалды. Қазақстан Республикасының жүзуден алған алғашқы алтын медальі! Біз осы жеңісті көп күттік», - ҚР су спорты Федерациясының бас хатшысы Андрей Крюков. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;