русский язык

Қазақстандық тілшіні Риода тонап кетті

Қазақстандық тілшіні Риода тонап кетті

«Хабар» арнасының хабарлауынша, бүгін Рио-де-Жанейрода қазақстандық тілшіні тонап кеткен. Арна тілшісінің айтуынша, қазақстандық БАҚ өкілінің фотоаппарат пен ноутбук салынған сөмкесін ұрлап кеткен. Қазақстандықтар жергілікті полиция көмегіне жүгінген.  

Биылғы Олимпиада астанасында спорттық жаңалықтардан бөлек, қылмыстық әрекеттердің бой алып тұрғанын байқауға болады. Ұрылар тек сопртшылар мен тілшілерді ғана тонамай, шенеуніктерді де нысанға алған секілді. Португалия елінің білім министрімен болған жағдайды еске алайық. 

Олимпиада ойындарындағы қылмыстық жағдайлар бірінші күннен бастап белең алған. Черногория ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерінің көлігіне қастандық жасалып, қару төсеп, бағалы заттары мен ақшасын тартып алған. Австралия елінің тілшілерін кафеде алдап соққан. Біреуі олардың назарын аударып, екіншісі сумканы алып қашып, үшіншісі жапа шегушіні кері жаққа шығарып салған. 

Жергілікті билік журналистер мен қонақтарға қауіпті аудандардан аулақ жүруін ескертті. Бірақ қылмыстық әрекет олимпиадалық нысандарда орын алып тұр. Соңғы орын алған жағдайларды ескерсек, Бразилия билігіне Олимпиада кезіндегі қауіпсіздікті сақтау оңайға соқпайтын секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;