русский язык

Қазақстан медальдар есебі бойынша 11-орынға көтерілді

Қазақстан медальдар есебі бойынша 11-орынға көтерілді

Рио Олимпиадасының бесінші сайыс күні Қазақстанның қоржынына екі алтын мен бір күміс медаль салды.

10 тамызда жүзуші Дмитрий Баландин мен ауыр атлет Ниджат Рахимов алтын медаль еншілесе, тағы бір зілтеміршіміз Жазира Жаппарқұлға күміс жүлде бұйырды.

Осы медальдардың арқасында Қазақстан медальдар есебі бойынша 11-ші орынға көтерілді - 7 медаль (2 алтын, 2 күміс және 3 қола).

Медальдар есебінде АҚШ әлі де болса көп бастап келеді - 30 медаль (10-11-90). Екінші орында Қытай спортшылары - 22 медаль (9-4-8). Ал үштікті жапондар түйіндеп тұр - 17 (6-1-10).

Жалпы алғанда, бүгінге дейін 45 ел Рио Олимпиадасынан медаль еншілеген. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;