русский язык

Жазира Жаппарқұл - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Жазира Жаппарқұл - Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 69 келіге дейі салмақ дәрежесінде еліміздің намысын Жазира Жаппарқұл қорғады.

Жұлқа көтеруде Жазира 115 келі зілтемірді еңсеріп, алғашқы жаттығуда екінші орынға табан тіреді. Бұл жаттығуда қытайлық Сян Яньмэй 116 келімен бірінші орын алды. Үшінші орында мысырлық Ахмед Сара - 112 кг.

Серпе көтеруде Жаппарқұл алғашқы тапсырысын көтере алмай, екінші мүмкіндігінде ғана 140 келіні еңсерді. Артынша 144 келі зілтемірді де бағындыра алды. Ал оның негізгі қарсыласы Сян Яньмей 145 келіні көкке көтерді. Мысырлық Ахмет Сара болса, 142 келіні бағындырды.

Қос жаттығу нәтижесі бойынша  Жазира Жаппарқұл 259 (115+144) келімен күміс медальға қол жеткізді. Алтын жүлде қытайлық Сян Яньмэйдің еншісінде кетті - 261 (116+145) кг. Ал қола медаль мысырдық Ахмед Сараға бұйырды - 255 (112+142) кг. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;