русский язык

Рашид Юнусметов финалға шыға алмай қалды

Рашид Юнусметов финалға шыға алмай қалды

Рио Олимпиадасында 50 метрге тапаншадан ату бойынша іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан екі атқышты сынға қосқан болатын. Өкінішімізге орай, Рашид Юнусметов үздік сегіздіктің қатарынан көріне алмады. 

Рашид Юнусметов соңына дейін финалға шығуға тырысты. Іріктеу кезеңінің басым бөлігінде үздік сегіздіктің қатарына енген еді. Бірақ кезең соңында 553 ұпаймен 13-орында қалды. Финалға шығу үшін Рашидке 3 ұпай жетпей қалды.

Тағы бір қазақстандық Вадимир Исаченко 536 ұпаймен 36-орынға жайғасты. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;