русский язык

Риода тілшілерді таситын автобусқа шабуыл жасалды

Риода тілшілерді таситын автобусқа шабуыл жасалды

Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары  тілшілерді таситын автобусқа жасалған шабуылдан кейін, Рио-де-Жанейродағы әскери полция қауіпсіздік шараларын күшейтетінін айтты, деп хабарлайды AP.

Халықаралық олимпиадалық комитеті орын алған жағдай тексеріліп жатқанын айтты.

Алғашқы ақпарат бойынша, автобусқа оқ атылып, екі терезесі сынған. Полицияның есебінше, атобустың терезелері бөгде заттармен шағылған.  Автобус жүргізушісі ешқандай қарудың дыбысын естімегенін айтып, жерде жатқан жолаушылар мен полиция көлігін көргенде ғана тоқтағанын баяндады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;