русский язык

Мұз сарайы - «Қайрат» және Қазақстан футзал құрамасының ойын алаңына айналады

Мұз сарайы - «Қайрат» және Қазақстан футзал құрамасының ойын алаңына айналады

Универсиадаға арналып салынған 12 мыңдық Мұз сарайы, болашақта футзалдан «Қайрат» және Қазақстан құрамасының ойын алаңына айналады. 


Бүгінгі күнге дейін алматылық «Қайрат» футзал командасы үйдегі ойындарын әр жерде ойнап келген еді. Талай додаларда топ жарып, УЕФА кубогын иеленген даңқты команданың өз алаңының жоқ болуы талайдан бері айтылған. Енді, жаңа нысанның арқасында олқылықтын орны жойылмақ. Бұдан бөлек, соңғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы да өз ойындарын осы сарайды өткізбек. 


2018 жылы футзалдан студенттер арасында Әлем чемпионаты өтпек. Ұйымдастырушылар осы жарысты да Мұз сарайында өткізіп қалуы бек мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;