русский язык

Дмитрий Баландин - финалда

Дмитрий Баландин - финалда

Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин брасспен 200 метр қашықтықта финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Дмитрий алғашқы жүздіктен соң көш бастап келе жатқан, кейін қос жапон алдына шықты - Ясухиро Косеки (2:08:20) және Олимпиада рекордын орнатып, жеңімпаз атанған Иппей Ватанабе (2:07:20). Үштікті америкалық Джон Пренот (2:07:78) түйіндеді. Баландин (2:08:20) мәреге төртінші болып келді де, екінші жартылай финалдың нәтижесін күтуге тура келді.

Қазақстандықтың тағы да жолы болды, ол сегізінші орынмен финалға өтті. Ертең таңда Баландин осы Олимпиадада екінші рет медальға таласып көреді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;