русский язык

Карина Горичева - Олимпиаданың қола жүлдегері

Карина Горичева - Олимпиаданың қола жүлдегері

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан әйелдер арасында 63 келіге дейін салмақта сынға түскен қазақстандық Карина Горичева еліміздің қоржынына тағы бір қола медаль салды.

Жұлқа көтеру жаттығуында қазақстандық зілтемірші қыз 107, кейін 111 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 132 келі зілтемірді көкке көтере алды. Осылайша, қос жаттығу көрсеткіші бойынша 243 келіні көтерген Карина Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болды.

Ал бұл салмақта алтын медаль, көптің күткеніндей, қытайлық Дэн Вей еншіледі - 262 кг. Күміс медаль болса, солтүстік кореялық ауыр атлет Чхве Хе Симнің еншісінде кетті - 248 кг. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;