русский язык

Үшінші күннен соң 25-ші орынға түстік

Үшінші күннен соң 25-ші орынға түстік

Рио Олимпиадасының үшінші сайыс күнінен кейін Қазақстан медальдар есебі бойынша төмен түсіп қалды.

Кеше түнде Фархад Харки еліміздің қоржынына қола медаль салған болатын. Осылайша, Қазақстанның еншісінде бір күміс (Елдос Сметов) пен екі қола (екіншісі Отгонцэцэг Галбадрах) бар. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан 207 елдің ішінде 25-ші орында тұр.

Медальдар есебі бойынша алғашқы үштік өзгерген жоқ. Жалпы алғанда 19 жүлде (5 алтын, 7 күміс, 7 қола) еншілеген АҚШ көш бастап келеді. Екінші орында әлі де Қытай - 13 медаль (5-3-5). Ал үздік үштікті 4 алтын мен 3 қоласы бар Аустралия түйіндеп тұр.

Алғашқы үш күнде 34 мемлекет жүлде алып үлгерген. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;