русский язык

Бүгін Риода кімдер өнер көрсетеді? 9 тамыздың кестесі

Бүгін Риода кімдер өнер көрсетеді? 9 тамыздың кестесі

Қазақстандық атлеттердің Рио-2016 ойындарында қатысатын кестесімен күн аңдатпасын ұсынамыз.

Жарыстың төртінші күні дзюдошы Мариан Урдабаева мен ауыратлет Карина Горичева медальдарға таласады. Сонымен қатар, Олимпиада финалисі Дмитрий Баландин жүзудің тағы бір дисциплинасында жарыс жолына шығады.

Бүгінгі кесте:

Дзюдо. Әйелдер. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.
Мариан Урдабаева
Іріктеу кезеңі мен ширек финал 19.00-де басталады. Жартылай финал, қола медальға талас матчтары мен финал шамамен 00.30-да басталады. Тікелей эфир. (KazSport)

Академиялық ескек есу. Ерлер. (E\F1 жартылай финалы), әйелдер (E\F2 жартылай финал)
Владислав Яковлев, Светлана Германович
Басталуы 21.00-де.

Жүзу. Ерлер. Брасс. (200 метр)
Дмитрий Баландин
Басталуы 22.50-де. Тікелей эфир (KazSport). Жартылай финалдар 08.00-де.  

Ауыр атлетика. Әйелдер. 63 келіге дейінгі категория.
Карина Горичева.
Басталуы: 00.30-да. Тікелей эфир. ("Қазақстан")
 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;