русский язык

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады

Отандық журналист Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады
Танымал спорт журналисі Рауан Оқас ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Нидің отставкаға кетуін сұрады.

Спорт журналисінің айтуынша, Алексей Нидің уақыты баяғыда келген.

"Алексей Нидің отставкаға кетуін Олимпиадаға дейін де айтқанмын. Мейлі, ол Риодан қандай нәтижемен оралса да, оны орнында қалдырудың қажеті жоқ. Ол ауыр атлетиканы бизнеске айналдырған адам. Мәселен, Лондон Олимпиадасында топ жарған үш қыздың жеке бапкері оның туған бауыры болатын. Яғни, олар әр чемпионнан 250 мың доллардан пайда тапты. Бұл жолы түкке жарамсыз екі қытайлық спортшыны апарды. Арли Чонтей не болды? Үштікке кіре алмады. Фархад Харки де тура сондай. Ал олардың орнына Рүстем Сыбай, Селімхан Әбубәкіровты апарса болар еді. Мен Нидің философиясын түсінбеймін. Ол ешқандай мықты маман емес. Оның алтын алған шәкірттері допинг дауына ілікті. Ашынған Владмир Седов бәрін дұрыс айтты. Нидің кеткенін қалаймын", - деді NUR.KZ-ке пікір білдірген журналист.

Еске сала кетейік, қазақстандық ауыр атлеттер, Лондон Олимпиадасының чемпиондары Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза допинг қолданғаны үшін Рио Олимпиадасынан шеттетілді. Алексей Ни бауыры Виктормен бірге тап осы үш зілтеміршіні өз қарамағына алған болатын.

Подобедованы Ресейден, ал Манеза мен Чиншанлоны Қытайдан алып келген де Алексей Ни.

Рио Олимпиадасының алдында ашуға булыққан ауыр атлет Владимир Седов Алексей Ниді қатаң сынап, оны біраз спортшының бағын байлады деп айыптады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;