русский язык

Рио Олимпиадасында велошабандоз омыртқасын сындырып алды

Рио Олимпиадасында велошабандоз омыртқасын сындырып алды

Нидерланд велошабандозы Аннемик ван Влютен Рио Олимпиадасында жарыс кезінде тізгінді игере алмай, жол бойындағы бордюрге соғысты.

Салдарынан спортшы қыздың омыртқасы үш жерден сынып кеткен және миы шайқалған, - деп хабарлайды Reuters.

Спортшы ауруханаға жеткізіліп, интенсив терапия бөліміне жатқызылды. 

Нидерланд құрамасының бас дәрігері Кеес ван Хугенбанд Аннемик ван Влютеннің ауыр зақым алғанын, бірақ жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;