Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович, аргентиналық Хуан-Мартин Дель Потроға бірінші айналымда жол берді. 

АТР-турдағы ауыр жарақатынан енді айыққан Дель Потро, Джоковичты екі тай-брейкте жеңді. Есеп - 7:6 (7:4), 7:6 (7:2).

Айта кетейік, аргентиналық Джоковичты 2012 жылғы Олимпиада кезінде де жеңіп кеткен болатын. Ол кезде екеуі қола жүлде үшін сайысқа түскен. 

Екінші айналымда аргентиналық Португалия елінің теннисшісі Жоау Соузамен кезедседі.