Қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 100 метр брасспен жүзуден финалда сегізінші орын алды.

Үздіктер қатарына енгенімен қазақстандық жүзуші финалда соңғы болды - 59.95. Сөреден бастап-ақ ол қарсыластарынан қала бастады. Айта кетейік, жартылай финалда оның нәтижесі жақсырақ болған - 59.45.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы әлем чемпионатында Баландин осы бағдарлама бойынша төртінші орын алған болатын.