Рио-де-Жанейрода стенд атудан іріктеу жарысы өтті. Қазақстандық Мария Дмитренко жартылай финалға шыға алмады. 

Дмитриенко іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті. Тек бір ұпай жетпей қалып, үздік алтылыққа ене алмады. 

Бірінші сессияда Мария 24 ұпай жинап, үшін орынға тұрақтаған. Бірақ екінші сессияда отандасымыздың нәтижесі нашарлап, 20 ұпаймен 13-орыннан бірақ шықты. Соңғы кезеңде Мария қателігін түзеп, 22 ұпай жинады. Бірақ бұл нәтиже оған үздік алтылықтың қатарынан көрінуге жетпеді. 8-орын алып, жартылай финалдан тыс қалды. Канадалық Синтии Майер мен австралиялық Катерин Скиннер бір ұпай артық жинап, алтыншы орынмен жартылай финалға өтіп кетті.