Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға жолдама алды.

- Жартылай финалда бұдан да жақсы нәтиже көрсетуге болар еді. Мұндай кеш уақытта жүзу мен үшін ауыр болды. Соған қарамастан, финалға шығу үшін бар күшімді салдым. Минималды мақсат орындалды. Ал финалда бәрі мүмкін, - деді Баландин «Қазақстан» арнасына.