Велоспорттан кеше өткен Олимпиада ойындарында «Астана Про Тим» командасының капитаны италиялық Винченцо Нибали мен колумбиялық Серхио Энао ауыр жарақат алды.

Қос спортшы мәреге 12 шақырым қалғанда жолдың жиегінде құлады. Нибали бұғанасын, ал Энао жамбас сүйегін сындырып алған екен.

Естеріңізге сала кетейін, кеше бельгиялық Грег ван Авермот велоспорттан Олимпиада чемпионы атанды.