Марокколық боксшы екі қызды зорламақшы болды. Сол үшін ол Олимпиададан қуылды.

Тамыздың 5-і күні Рио-де-Жанейрода полиция өкілдері Хассан Сааданы құрықтаған. Ол қонақ үйде жұмыс істейтін екі даяшы қызды зорламақшы болған екен. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады. Зардап шеккен қыздардың айтуынша, 22 жастағы африкалық араб күш қолданған. Полицейлер осыған байланысты Сааданы 15 тәулікке қамауға алды.

Айта кетейік, бұл боксшы 81 келіге дейінгі салмақта түркиялық Мехмед Надирмен жолығу керек еді.