Рио-де-Жайнерода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының алғашқы күні аяқталды.

Бірінші күнде 17 ел медаль еншілеген. 2 алтын және бір жүлде  алған Аустралия медальдар көрсеткіші бойынша көш бастап келеді. 2 алтыны бар Венгрия екінші орында тұр. Үздік үштікті бір алтын мен 4 күміс медаль алған АҚШ түйіндеді.

Қазақстандық спортшылар әзірше 12-ші орында тұр - 1 күміс және 1 қола.

Айта кетейік, кеше дзюдошыларымыз Қазақстанның қоржынына екі медаль салған болатын. Елдос Сметов финалға дейін жетіп, күміс жүлде алса, Галбадрах Отгонцэцэг қола медальды қанағат тұтты.