Рио Олимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға жолдама алған спортшылар анықталды.

Үздіктер қатарына отандасымыз Дмитрий Баландин де ілінді. Ол 100 метр қашықтықты 59,48 секундта жүзіп, 9-шы нәтиже көрсетті.

Жартылай финалдық сайыс Астана уақытымен таңғы сағат 7-де басталады.