Ямайкалық Усэйн Болт Рио Олимпиадасының ашылу салтанатына неге қатыспағанын айтты.

«Біздің команданың бәрі де Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысу үшін стадионға барды. Бірақ мен сол күні қатты еріндім. Артық ештеңе жасағым келген жоқ. Себебі мен ең еріншек жігітпін», - деді Болт.

Айта кетейік, әлемнің ең үздік желаяғы биылғы Олимпиада мансабындағы ең соңғысы болатынын айтқан еді.