Владислав Яковлев Риодағы олимпиадалық жүзу арнасында өткен академиялық есуден жекелей сынның алғашқы кезеңінде үздік үштікке ене алмады.

Владислав алтыншы топпен сайысқа қатысып, соңғы, бесінші орында келді. Нәтижесінде ол ширек финалға тікелей өте алмады. Енді ширек финалға берілер жолдаманы қосымша кезең арқылы алуға тырысады, мұнда үздік екі спортшының бірі болуы тиіс.