Қазақстандық Елизавета Король 10 метрден пневматикалық винтовкамен ату бойынша іріктеуден өте алмады. Оған финалға өткен сегіз спортшының қатарына ену үшін бес ұпай жетпей қалды.

Қазақстандық спортшы 410.6 ұпай жинады, осылайша іріктеуде 37-орын алды. Сегізінші орын алған қытайлық Ю Силинг 415.9 ұпай еншіледі.

Іріктеу кезеңінде тағы бір қытайлық Ли Ду бірінші орын алды - 420.7 ұпай.

Бұл спорт түрінен медальдар бүгін сарапқа салынады: үздік сегіз спортшы жүлде үшін таласуға дайын.