Қазақстандық садақ атушы Сұлтан Дүйзелбаев Риодағы Олимпиада ойындарындағы жеке жарыстағы іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті. 

Сұлтанның атқан жебесі 7 ұпайлық шеңберден аспай, іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті нәтиже көрсете алды. Дүйзелбаев 648 ұпай жинап, 48-орынға жайғасты. Бұл нәтиже 64 үздік садақ атушының қатарына ілігуге жеткілікті болды. Сұлтанның алғашқы қарсыласы  болып қытайлық Гу Сюэсун түсті. 

Іріктеу кезеңінде кореялық Ким У Джин әлемдік рекорд орнатып, бірінші орынға жайғасса, екінші орынға америкалық Брэди Эллисон (690 ұпай) жайғасты. Үшінші орында италияндық Давид Паскалуччи (685 ұпай) қалды. 

Садақ атушылар жарыс жолын бүгін жалғастырады.