Рио-де-Жанейрода спортшыларды Олимпиада ойындарына тіркеу уақыты аяқталды.

Антидопингтік тәртіптің жоғары деңгейде болуы үшін Дрезден қаласындағы лабораторияда барлық спортшылардың сынамалары тексерілді. Біздің барлық спортшыларымыз «таза» және Олимпиадаға қатысуға рұқсат алды.

Төртжылдықтың басты додасында ауыр атлетика бойынша еліміздің намысын қорғайтындар және олардың алдын ала қойған нәтижелері:

Әйелдер:Маргарита Елисеева (48 кг дейін) — 191 кгКарина Горичева (63 кг дейін) — 251 кгЖазира Жаппарқұл (69 кг дейін) — 261 кг

Ерлер:Арли Чонтей (56 кг дейін) — 286 кгФархад Харки (62 кг дейін) — 321 кгНижат Рахимов (77 кг дейін) — 367 кгДенис Уланов (85 кг дейін) — 390 кгАлександр Зайчиков (105 кг дейін) — 418 кг.