Қазақстандық дзюдошылардың Риодағы қарсыластары анықталды,  деп оқиға орнынан  ProsportKz.kz тілшісі хабарлады.

 

Әйелдер жарысындағы 48 келі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцегцег Гвинея-Бисау елінен келеген Тациана Лимамен кездесіп, жарыс жолын бастамақ. 63 келі самақтағы Мариан Ордабаевақытайлық Янг Цзюньсямен татамиге шығады.  

60 келі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Елдос Сметов, екінші айналымнан жарыс жолын бастайды. Елдостың алғашқы қарсыласы - ливиялық Мұхамед Элькавис. 

Жансай Смағұлов ( 66 кг) бірінші айналымда бельгиялық Яспер Лефермен кездеседі.  

Дидар Хамза (до 73 кг) Гамбия елінен келген Файе Нжиемен шығады.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раков бірінші айналымнан босатылды. Екінші айналымда эстониялық дзюдошы Григорий Минашкинге қарсы татамиге шығады.