Gracenote атты статистикалық агенттік Қазақстанның әлеуетін жоғарылатты. Мамандар еліміздің спортшылары Рио-де-Жанейрода 16 медаль ұтады деді.  

Gracenote-нің болжамынша, боксшылар Иван Дычко мен Данияр Елеусинов, ауыр атлеттер Александр Зайчиков пен Нижат Рахимов алтыннан алқа тағынады.

Карина Горичева, Жазира Жапаркұл мен Алмат Кебісбаев күміске лайық-мыс.Ольга Рыпакова, Жайна Шекербекова, Біржан Жақыпов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, Жанібек Әлімханұлы, Отгонцэгцэг Галбадрах, Елдос Сметов, пен Досжан Қартықов қола медаль алады екен болжам бойынша.