Халықаралық Олимпиада комитетінің Рио-де-Жанейро қаласында өткен 129 сессиясында комиссия мүшелері бес спорт түрін 2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қосу туралы ұсынысты қолдады.

Бұл қандай спорт түрлері деген сауалға келсек. Олар: каратэ,серфинг,құзға өрлеу (скалолазание), скейтбординг, бейсбол/софтбол. Комиссия мүшелерінің бірде-біреуі қарсы дауыс берген жоқ. Енді Токиодағы Олимпиада ойындарында қосымша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал ол жүлделерге 474 спортшы таласатын болады.