Ярослава Шведова Рио-де-Жанейроға аман-есен жетті, деп хабарлайды  ProsportKz.kz тілшісі.

"Мен Риоға келдім",- деп жазды Ярослава Инстаграм парақшасына. Риоға дейін Шведова екі күн жол жүрген. 

Қазақстандық теннисші Шалина Воскобоеваға қосылды. Галина бірнеше тәулік бұрын ерте жетіп, олимпиадалық қалашықта орналасып үлгерген. 

Айта кетейік, қазіргі күні Риоға жету өте қиын. Барлық рейстердің билеттері сатылып кеткен. Соның кесірінен ресейлік теннисшілер, атап айтсақ Светлана Кузнецова, Екатерина Макарова, Елена Веснина АҚШ-на ұшып келіп, РИоға жетудің амалын қарастыруда.