Қазақстан Примьер-министрі Кәрім Мәсімов, сонымен қатар үкімет өкілдері мен ірі компания қызметкерлері, жақын және алыс шетелден келген спортшылар 4-қыркүйекте өтетін Астана Марафонына қатысады,  деп хабарлайды ИА Новости-Казахстан.

Марафонға жалпы саны 5000 адам қатыспақ. 2009 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Астана марафоны осы жылы жылдың ірі жарыстарының біріне айналады деп күтілуде.

 «Астанада спортшылар 10 км, 21,1 км, 42,2 км қашықтықтарда өздерін сынап көре алады. Тек Астанада ғана осындай қашықтықтарда жарыс өткізледі», — деп айтылады басылымда.

Барлық жиналған қаражат қайырымдылық қорына аударылады. 2009 жылдан бері марафон 25 млн теңгеге жуық ақшы тауып, қазақстандық әртүрлі қайырымдылық қорларға аударған.