Биылғы Рио Олимпиадасының ашылу салтанаты қарапайым түрде ұйымдастырылады, оған кететін қаржыны Бейжің мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының деңгейімен салыстыруға болмайды. Бұл туралы ашылу салтанатының атқарушы продюсері Марко Балич айтты.

Ашылу рәсімі 5 тамыз күні «Маракана» стадионында өтеді. Балич ашылу рәсімінің Бразилиядағы қазіргі қаржылық қиындықтар ескеріле отырып ұйымдастырылғанын айтуда. Шоудың жалпы қаржысы Лондондағы ойындардың ашылуына кеткен 42 миллион доллардың шамамен жартысын ғана құрайды.

«Бразилияның қазіргі жағдайына байланысты айтарлықтай шоу болмайды, - деді Балич. - Мұнда Бейжіңдегі асқақтық, Афиныдағы арнайы алып эффектілер және Лондондағы таңғажайып технологиялар болмайды. Қарапайым бірақ заманауи рәсім болғалы тұр. Арнайы эффектілер болмаса да, адамдармен болашақ туралы тілдесетін боламыз, бұл заманауи Бразилияда өмір сүрудің қандай жақсы екенін көрсететін көрініс емес».

Естеріңізге сала кетсек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.