Рио Олимпиадасында Непалдың намысын қорғайтын жүзуші Гаурика Сингх биылғы төртжылдық доданың ең жас спортшысы атанбақ.

Арқамен 100 метр қашықтықта жүзу бойынша сынға түсетін Сингхтың жасы 13-те ғана.

2016 жылы Гаурика Үндістанда өткен Оңтүстік-Азия ойындарының төрт дүркін жүлдегері атанған. Еншісінде бірнеше ұлттық рекордтар бар.