Олимпиадада желкенді спорт түрі бойынша өтетін ойынға арналған платформа құлады. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы мәлім етті. 
 
«Қайықтарды суға жіберуге арналған құрылғының бұзылуына асау толқындар мен дауыл кінәлі», – деді Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің баспасөз хатшысы Филип Уилкинсон.
 
Оный айтуынша, мердігерлер 4 күннің ішінде Марина-да-Глориадағы платформаны орнына келтіру керек.
 
Желкенді спорт түрі бойынша жарыс 8 тамызда басталады. Ал Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда болады. 
 
Жалпы Риодағы спорт нысандарының құрылысы сәуір айынан бері сынға ұшырап жүр. Бұған дейін жер үстінен көтеріңкі етіп тұрғызылған веложолақ та опырылған болатын.