Жексенбі күні Астаналық саябақта 200 астам адам Super sprint triathlon Astana - 2016 жарысында шеберлік байқасты. Жарыс үш кезеңмен өткізілді: 350 метрге жүзу, велосипедпен 20 шақырымды бағындыру және 2,5 км жүгіру, деп хабарлайды қаланың ресми inform.kz.

Паркке жарысқа қатысушыларды қолдау үшін жанкүйерлер де жиналды. Спортшылар Есіл өзенінде жүзген соң велосипедке отырды. Белгіленген қашықтықты бағындырғаннан кейін жүгіруге қатысты.

Астана қаласының спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Берік Маржықпаев елорда тұрғындары мен қонақтарына алғыс айтып қана қоймай, өзі де жарысқа қатысты.

- Жарысқа қатысқандықтан оның не екенін білемін, бұл спортта денеге ерекше талаптар қойылады. 350 метрге жүзу оңай емес екен. Бүгінгі спорт мерекесі жақсы өтті. Көңіл күй керемет. Қатысушылардың 147-сі әуесқой, 27-сі кәсіпқой спортшы, меніңше, бұл үлкен жетістік, баршаға қатысқандары үшін алғыс айтамын, - деді Берік Маржықпаев.

Үшсайысқа 18 жастағы және одан асқандар қатысты. Мәреге жеткенде жеңімпаздар бірнеше санат бойынша анықталды. Әрбір қатысушының уақыты тіркеу кезінде берілген жеке чиптің көмегімен белгіленді.

Ерлер арасында үш қашықтықты 54 минут 48 секундта бағындырған Александр Автушко абсолютті жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында 1 сағат 9 минут уақыт көрсеткішімен оның жұбайы Анастасия Автушко үздік атанды. Кәсіпқойлардың спорттық әулеті триатлоннан жарысқа Шымкенттен келді.

- Триатлоннан бұрыннан айналысып келеміз, мен 2002 жылдан бері , жұбайым 2008-ден бастап. Бала кезімде достарым шақырған, уақыт өте келе бұл спорт түрімен етене таныстым. Үш түрлі спорт, өте қызық. Бәрі жақсы өтті, ұйымдасқан. Бүгін ауа райы өте жақсы, - дейді Александр Автушко.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар үшсайыстан жарысты дәстүрге айналдыруды жоспарлап отыр.