Бурабайдағы оқу-жаттығу кешенінде МАА аралас жекпе-жек бойынша ІІІ Азия чемпионатының алдындағы Қазақстан құрамасының соңғы жаттығуы аяқталды. ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Хвасун қаласында 6-7 тамыз күндері өтетін биылғы Азия чемпионатына қатыспақшы.
 
7 салмақ дәрежесі бойынша аралас жекпе-жек өнерінің ең мықты 14 шебері Қазақстан Республикасының намысын қорғамақ. Қазақстан құрамасының бас бапкері Баян Жаңғаловтың айтуынша, спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде. Сол арқылы құрама Азия елдерінің арасында көшбасшының орнын сақтап қалуды мақсат етіп отыр.  
 
Естеріңізге сала кетейік, ММА бойынша Қазақстан құрамасы Әлем чемпионаттарында 2013 жылы, 2014 және 2015 жылдары екінші орын иеленген. Азия чемпионатында соңғы екі жылдан бері Қазақстан жалпы командалық есепте бірінші орынды бермей келеді.