Олимпиадалық қалашықта тұрып жатқан спортшылар  Pokemon GO ойынын қалашық аумағында ойнай алмайтынына наразы, деп хабарлайды Gazeta.ru  ESPN басылымына сілтеме қойып.

«Олимпиадалық қалашық аумағында жүгіріп, покемондарды ұстағым келген. Телефоныма қосымшаны жүктей алмадым. Бәрі жақсы, бірақ ойын болғанда ішім пысайтын еді», - деді Жаңа Зеландия футболшысы  Анна Грин.

«Кешіріңдер, достар, Олимпиадалық қалашықта покемондар жоқ», - деп жазды твиттерге байдаркашы  Матье Пеше.

Сообщается, что те, у кого уже установлено приложение Pokemon GO қосымшасы жүктелген телефондарда, Рио-де-Жанейрода қосымшаны іске қоса алады. Бірақ покемондар мен покестоптар картада болмайды.

Осыған дейін Венесуэла президенті Николас Мадуро Pokemon GO ойынына қарсы пікір айтқан болатын.