Американың NBC телекомпаниясы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінен командалардың ашылу рәсіміне шығу тәртібін өзгертуді сұрайды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, егер АҚШ құрамасы рәсімге кезектілік тәртібімен португалия тілінде шықса, ашылу рәсімін тікелей эфирден көрсетуде аудиторияны жоғалтып алу қаупі бар. АҚШ португалияша Estados Unidos - яғни, бұл әліпби басы. Командалардың ішінде ең бірінші болып шығады.

Америкалықтар ұйымдастыру комитетінен АҚШ құрамының  шеру соңында шығуын, команданы ағылшын әліпбиі бойынша таныстыруын өтінді. Олимпиада ұйымдастырушылары қандай да бір өзгеріс енгізуден бас тартты.

NBC телеарнасы  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының барлық жарысын тікелей эфирден көрсетеді. Жалпы ұзақтығы - рекордтық 4 500 сағат.