Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатыса амайды. Сонымен қатар, 2016 жылы өтетін турнирлерден де шет қалды.

"Өкінішке орай, мен Олимпиадада Швейцария елінің намысын қорғай алмаймын. Сонымен қатар, маусымның соңына дейін жарыс жолына шықпаймын. Дәрігерлермен кеңесіп, осы шешімді қабылдадым. Егер мен спорттық мансабымды жалғастырғым келсе, маған демалыс керек екендігін айтты. Маусымды өткізіп алу оңайға оқпайтыны рас. Бірақ мен 2017 жылы бұдан да мықты болып, шабуылдаушы ойын көрсетемін деп ойлаймын", -деп жазды ­Роджер өзінің Facebook парақшасында.