Юлия Путинцева Вашингтонда өтіп жатқан WTA турнирінде жартылай финалда жеңіліп қалды. Қазақстан теннисші бельгиялық Янина Викмайерге жол берді - 4:6, 2:6.

Алты эйс пен бір брейк қазақстандық теннисшіге қарсыласына күш көрсетуге мүмкіндік бермеді.

Бұған дейін теннисшілер бір рет кездескен. 2013 жылы Бирменгемде өткен турнирде де Викмайер жеңіске жеткен болатын.