Юлия Путинцева WTA аясында Вашингтонда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шықты.

Бүгін қазақстандық теннисші жапон Риза Осакиді екі сетте жеңді - 6:4, 6;2.

Матч бір сағат, 26 минутқа ғана созылды. Осы уақыт ішінде Юлия төрт брейк пен үш эйс жасады.

Теннисшілер бұған дейін бір рет кездескен болатын. 2014 жылы өзара кездесуде де Путинцева басым болды.

Жартылай финалда қазақстандық теннисші бельгиялық Янина Викмейермен кездеседі.