Андрей Голубев америкалық Бингемтонда өтіп жатқан  «Челленджердің» жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші британ Ллойд Глэсполды жеңді - 6:4, 2:6, 6:4.

Бір сағат, 47 минутқа созылған матчта Андрей екі брейк пен бес эйс жасай алды.

Жартылай финалда Голубев Дариан Кингпен (Барбадос) күш сынасады.